Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада есірткі сайттарын жарнамалау фактісімен 16 қылмыстық іс қозғалды
Жыл басынан бері елордада есірткі сайттарын жарнамалау фактісімен 16 қылмыстық іс қозғалды.
12:42 05.10.2021
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Олжас Жарылғапов айтты.
«Бүгінде есірткінің заңсыз айналымы негізінен Интернет арқылы жүзеге асырылады және ол жастар арасында сатуға бағытталған. Оған әр түрлі сайттарда, блогтар мен форумдарда есірткіні жарнамалау мен насихаттау сеп болып отыр. Есірткіні сатушылар тұтынушылардың санын көбейту мақсатында Интернетті кеңінен қолданады.
Бұл олардың жасырын әрекет етуімен қатар сатушылар мен сатып алушыларды іздеуді кеңейтуге, сондай-ақ заңсыз есірткі аймағы маркетингін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай сайттардың көпшілігі шетелдік домендерде тіркелген. Ал бұл жайт олардың жұмысын толықтай тоқтатуға және есірткі бизнесінің ұйымдастырушыларын жауапқа тартуға мүмкіндік бермей отыр», - деді ол.
Басқарма басшысының атап өтуінше, жыл басынан бері елордада ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1 бабымен, яғни есірткі сайттарын жарнамалау фактісімен 16 қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Елорда тұрғындарынан есірткі заттарын жарнамалайтын дүкендердің граффити суреттеріне қатысты 67 хабарлама түсті, барлығы жойылды. 18 веб-сайттың мекен жайы бұғаттауға жіберілді», - деді Олжас Жарылғапов.
Оның дерегінше, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды бұқаралық ақпарат немесе электронды құралдарды қолдану арқылы насихаттау немесе заңсыз жарнамалағандарға 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram