{metadescription}
Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айының ортасында полицияға жүгінген Семей қаласының 52 жастағы тұрғыны ұлының жоғалып кеткенін жеткізді.

Оның айтуынша, 15 жасар баласы үйден сыртқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Екі аптадан кейін жасөспірім аман-есен табылды. Тәртіп сақшылары оны қаладағы сауда үйлерінің бірінен кездестірген. Белгілі болғандай, ол ата-анасымен бірге тұрғысы келмегендіктен үйден өз еркімен кетіп қалған», - делінген ақпаратта.

Осы уақыт бойы қаңғып жүрген бала қазіргі уақытта отбасына жеткізілген. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде