Жапа шеккен сот орындаушысы мәлімдеме жасады
Алматыдағы жанжал кезінде зардап шеккен сот орындаушысы шабуыл жасаған адамды түрмеге қамағысы келетіні туралы айтқан бейне хабарлама жазды.
16:09 05.10.2021
"Бәрі ойдағыдай. Тірімін-аманмын. Ол (соққы жасаған азамат) менің бауырымнан ұрғысы келді, бірақ өкпеме тиіп кетті. Соққыдан дем ала алмай қалдым. Қазір қайта қалпыма келдім, барлығы жақсы. Оны түрмеге тоғытамын", - дейді ер адам Инстаграмдағы ZTB парақшасында жарияланған видеода.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылғанын жазған болатынбыз. Ол аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!