Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жолыңды ашып беремін: Қызылордада алаяқтықпен айналысқан балгер қолға түсті
Қызылорда облысында жергілікті тұрғыннан алтын алқасын алдап алған балгер ұсталды.
17:05 05.10.2021
Қызылорда қалалық полиция басқармасына 49 жастағы қала тұрғыны арызданды. Онда қызының жолын ашып беремін деп алтын алқасын алдап алған балгер жайында айтылған. Келген шығын - 150 мың теңге. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны қолға түсті. Тергеу барысында күдікті алаяқтықпен алған алтын бұйымды ломбардқа өткізіп жібергені анықталды. Оның ақшасын өз қажетіне жаратқан.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram