Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Вакцина алған қазақстандықтар Таиландқа міндетті карантинсіз сапарлай алады
Бұл туралы Таиланд туристік басқармасының Қазақстандағы өкілдігі мәлім етті.
21:00 05.10.2021
Қазақстандық туристер Таиландқа карантиндік шектеусіз бара алады.
«Қазақстан резиденттеріне ұшып келген кезде виза алуға болатын елдердің тізіміне енді. 1 қазаннан бастап вакцинацияланған қазақстандықтар Таиланд Корольдігіне міндетті карантиннен өтпей-ақ қайта бара алады. Қазіргі уақытта қазақстандықтарға қолжетімді Sputnik V вакцинасын Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі сертификаттаған. Қазақстандықтар туристік визаны ұшып келгеннен кейін ресімдей алады. Визаның мерзімі – 15 күнге дейін», - деп жазады Мәскеулік кеңсенің Қазқастандағы өкілдігі.
Таиланд тарабы ұсынып отырған туристік бағдарламалар: бойынша, туристер патшалыққа ұшуға дейін кемінде 14 күн бұрын вакцинаның толық дозасын алуы керек. Таиланд Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі Sinovac, Astra Zeneca, Janssen, Pfizer, Moderna, Vero Cell, Covisheld, Sputnik V вакциналарын сертификаттаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram