Алматыда алғашқы қар жауды
Тау бөктеріндегі аудандарда 3 сантиметр қар түсті, ал қала ішінде жауған қар еріп жатыр.
10:28 06.10.2021
Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, 6 қазанда сағат 2.10-нан бастап қар аралас жаңбыр жауа бастады. Қалада 7 қазанға дейін қар жауады деп болжанды. Таңертең сағат алтыдағы жағдай бойынша, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 сантиметр қар жауды, ал қала ішінде топырақтың жылы болуына байланысты қар еріп жатыр.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында таулы және тау бөктеріндегі жерлерде орналасқан жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, сондай-ақ биік тау жолдарынан қар сыпырылады. 285 бірлік арнайы техниканың, оның ішінде 97 құмшашқыш және 164 жол жұмысшысының түнгі кезекшілігі ұйымдастырылды. Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!