{metadescription}
Қазақстанда тағы 46 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда тағы 46 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Стационарда емделіп жатқан 748 науқастың жағдайы ауыр, 125 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Республикада өткен тәулікте коронавирустан 39 адам, ковидтік пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 11 389 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 875 қазақстандық көз жұмды.

6 қазандағы мәлімет бойынша, 56 708 адам коронавирус инфекциясынан (–48 968 + және 7 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 551 пациент стационарда, 47 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 748 адамның жағдайы ауыр,
  • 202 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 125 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.