{metadescription}
Павлодарда банк филиалының директоры өзіне қол жұмсады

Павлодарда банк филиалының директоры өзіне қол жұмсады

Павлодарда банк филиалының директоры 8-қабаттан секіріп, көз жұмды.

Келіншек өзіне-өзі қол салмақ болған.  Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.

"Павлодар қаласында осы жылдың 5 қазанында сағат 07:13-те, Бектұров көшесі 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарында 1972 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол 8-қабаттағы балконнан секіріп, өз-өзіне қол салған", – деді полицияда.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі бар. "Bank RBK" филиал директорының қайтыс болғаны туралы хабарға түсініктеме берді.

"Bank RBK" АҚ Павлодардағы филиал директорының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы өкінішпен хабарлайды, басшылық пен қызметкерлер біздің әріптестің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады және оның отбасына қажетті материалдық қолдау көрсетеді. Банк бұл жұмыс аяқталғанға дейін тергеуге толық көмек көрсетеді, банк расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуды сұрайды", – делінген банк хабарламасында.

Дереккөх: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.