Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақсайда ер адам жұмыстасын ұрып өлтірді
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ауыр дене жарақаттары салдарынан 47 жастағы ер адам көз жұмды.
14:09 06.10.2021
Пәтерде уақытша бірге тұрып жатқан екі ер адам бір-бірімен сөзге келген. Жанжал соңы төбелеске ұласқан. 49 жастағы ер адам әріптесін соққыға жыққан. Соның салдарынан 47 жастағы ер адам Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, жансақтау бөлімшесінде есін жия алмастан қайтыс болып кетті. Күдікті мен жәбірленуші бірге жұмыс істеген. Қылмыс орын алған пәтерді бірге жалға алған.
Аталған оқиға бойынша қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3- бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram