ШҚО-да үйінен қашқан жеткіншек қыз Алматыда тұрмысқа шығып кеткен
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айының ортасында полицияға жүгінген 49 жастағы әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының жоғалып кеткенін айтты.
17:08 06.10.2021
Өз сөзінде ол баласының екі күн бұрын кешкі уақытта үйден қашып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін жеткізген.
«Тәртіп сақшылары 14 жастағы қызды табу үшін жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, жасөспірім Павлодар қаласынан табылды. Белгілі болғандай, ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы сол жақта тұратын жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен қашқан», - делінген ақпаратта.
Қыз тәртіп сақшыларына ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Қазіргі уақытта оқушы Семей қаласына жеткізілген. Жедел уәкілдер оны әзірге туыстарына тапсырды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!