Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда өрттен көз жұмған 3 баланың ата-анасына материалдық көмек беріледі
Атырау облысының әкімі өрттен көз жұмған үш баланың ата-анасына материалдық көмек берілетінін айтты.
21:00 06.10.2021
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жантүршігерлік оқиғаға қатысты балалардың ата-анасына көңіл айтып, материалдық көмек берілетінін мәлім етті.
«Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет. Қаза болған балалардың отбасыларына Атырау облысының әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнынан 3 баланың денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram