{metadescription}
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Қазақстанда 6 қазанда CОVID-19-ға оң нәтижемен 896 162 науқас және КВИ-ға теріс нәтижемен 76 517 жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 92 пайызы сауығып шықты. Оның ішінде КВИ оң нәтижемен - 835 805 науқас және КВИ теріс нәтижемен - 63 902 науқас»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, 4 өңір тәуекелі жоғары, яғни «қызыл» аймақта орналасқан. Соңғы айда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады.

«Қазақстан Республикасы және 8 өңір тәуекелі жоғары аймақтан тәуекелі орташа аймаққа көшті. Тәуекелі орташа аймақтан тәуекелі төмен, «жасыл» аймаққа 3 өңір: Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары көшті», - деді Алексей Цой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.