Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Министр Алекцей Цой қайта вакцинациялау туралы айтты
Қазақстанда коронавиурсқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін.
17:13 06.10.2021
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Қазір әлемде ревакцинация жүргізудің жолдары зерттеліп жатыр. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңіріндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобына кірді. Осы топ Еуропа өңірі бойынша ревакцинацияның стандарттарымен, стратегиясымен айналысып жатыр.
Ревакцинацияға абайлап келу керектігі жөнінде алдын ала ұсыным шығарылған болатын. Оның өзінде бірінші кезекте халықтың осал буыны мен алдыңғы саптағы қызметкерлер, вирусқа қарсы антиденесі жоқ азаматтар екпе алуы керектігі айтылған. Яғни қазір ревакцинацияның неше мәрте болуы керектігі, қай вакцинаның түрін егу қажеттігі, дозаның мөлшері біздің иммундай жөніндегі ішкі комиссияда талқыланып жатыр», - деді министр.
Ведомство басшысы жуық арада ведомствоаралық комиссияда ревакцинация бағдарламасының өлшемдері ұсынылатынын атады.
«Біз әлемді жіті бақылап отырмыз. Түрлі тәсілдер бар. Жалпы, динамика байқалып отыр. 6-дан 10 айға дейін мерзімнен кейін ревакцинация басталып жатыр. Бірінші кезекте, ревакцинация иммундау былтыр басталып кеткен елдерде жүріп жатыр. Яғни, былтыр қараша, желтоқсан айында вакцинацияны бастаған елдерде екпенің екінші дозасы берілгеніне 9 айдан асып кетті. Сондықтан, ол елдерде ревакцинация өте өзекті болып отыр. Бізде бұл уақыт қараша, желтоқсан айларына келеді», - деген Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация әлемде белгілі бір тәжірибе қалыптасқан кезде жүргізілетінін ескертті.
«Сондықтан қазір уақыт бар. Осы уақытта біз әлемде бар тәжірибені алуымыз керек. Ревакцинацияны бастап кеткен елдерді бақылап отырмыз. Оның тиімділігін қарап отырмыз. Менің ойымша жуық арада ревакцинацияны қалай ұйымдастыратынымыз, мерзімі қандай болатыны туралы нақты бағдарымыз дайын болуы керек. Сондықтан ревакцинация мәселесі бізден асығуды талап етіп тұрған жоқ. Бәрін сауатты таразылап, деректер көзін тексеріп, халықаралық тәжірибені зерделеп, ведомствоаралық комиссия мақұлдаған бойда хабарлаймыз», - деді Денсаулық министрі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram