{metadescription}
Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Қаулы етемiн:

1. Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Досхан Жолжақсынов бүгін 70 жасқа толды .

Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам рөлді сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал.

Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және басқа фильмдерге түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде