Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дымқыл майлық несімен қауіпті екені белгілі болды
Маман қол жуудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені майлық кірді толықтай кетіре алмайды, оның үстіне иммунитетті әлсіретуі мүмкін.
11:00 07.10.2021
Дымқыл майлықтың несімен қауіпті екенін "Москва 24" телеарнасына дәрігер-терапевт Татьяна Романенко айтып берді. Оның айтуынша, мұндай майлық құрамында пайдалы микрофлораны жоятын заттар бар. Сондықтан тері жұқарып, жара пайда болады. Салдарынан иммунитет әлсіреп, ағзаның вирустарға төтеп беру қызметі әлсірейді.
"Дымқыл майлықты қол жууға мүмкіндік болмаған кезде ғана қолдану керек", - деді дәрігер.
Сондай-ақ ол майлықты қол сүртуге емес, бетке де қолданатындар бар екенін жеткізді. Бұл да қателік болып саналады. Техникаға арналған майлық теріні тітіркендіріп, аллергиялық реакция тудырады. Ол, тіпті, репродуктивті функцияға әсер етуі мүмкін.
Дәрігер адамдар өнімнің жарамдылық мерзіміне мән бермейді деп отыр. Ашық майлықта қауіпті микро ағзалар пайда болады. Маман қол жуудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені майлық кірді толықтай кетіре алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram