{metadescription}
Шығыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

Шығыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

Олар өз жоспарын төрт жыл бойы жүзеге асырып келген.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы - 10,8 миллиард теңге. Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі. Топ мүшелері жалған шот-фактура жасады деген күдікке ілінді. 

"Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз жалған шот-фактура жасаумен айналысқан топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмаларын құрғаны анықталды. Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған және тіркеу орны бойынша орналаспаған, деп жазады sputnik.

Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есептілігі жүргізілмеген. Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында "Рич Ресурс", "Тұмар ВКО", "Вос-Торг 1" компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүк құжатын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы - 10,8 миллиард теңге. Сот үкімімен топ мүшелері түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.