Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды
Атырау облысында Каспий теңізінің Құрманғазы ауданындағы жағалауында жанған қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды.
15:57 07.10.2021
Бұған дейін Атырау облысында Каспий жағалауындағы батпақта қамыс жанып жатқанын жазған болатынбыз. Бүгін, 7 қазанда Каспий теңізінің Құрманғазы ауданындағы жағалауында жанып жатқан қамыс өртін сөндіру үшін су шашатын құрылғысы бар «Ми-8 ВСУ-5» тікұшағы жіберілді. Экипаж құрамында 3 адам бар.
«Сондай-ақ, Құрманғазы ауданындағы Мақаш, Теңіз ауылдық округтері аумағындағы өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен Құрманғазы аудандық бөлімінен құтқарушылар жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram