{metadescription}
Мектептерде коронавирусты анықтайтын тест қолданылуы мүмкін

Мектептерде коронавирусты анықтайтын тест қолданылуы мүмкін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест қолдануды ұсынды.

Оның айтуынша, экспресс-тест адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтауға өте тиімді.

«Біз тірі вирус пен мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Қазақстанға әкелініп, тіркеуден өткен барлық негізгі экспресс-тестерді зерттеп, жақсы нәтиже алдық. Бүгінде экспресс-тестілеудің тиімділігі өте жоғары», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің сөзінше, мұндай тесттер қазірдің өзінде Ресейде қолданыла бастаған. Ал келесі аптаның соңына дейін қазақстандық мамандардың экспресс-тестер бойынша зерттеулері Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.

«Біз мектептерде науқастармен байланыста болған мыңдаған адамды байқап отырмыз. Олардың барлығын экспресс-тесті қолданып, тексеріп көруге болады. Олардың көмегімен, 15-20 минут ішінде оқушының оқуын жалғастыратынын немесе оқшаулануға жіберу қажеттігін анықтауға болады», - дейді ол.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин бұл бюджеттік қаражаттын үнемдеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде