Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қапшағай трассасында 1 адам мерт болып, 6-уы ауруханаға түсті
Алматы облысының Қапшағай қаласында көлік апатынан бір адам мерт болды.
17:08 07.10.2021
Тағы алты адам зардап шекті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
«Капшағай трассасында жол апаты, казино маңы», - делінген жазбада.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Алматы-Өскемен» тасжолындағы Қапшағай қаласында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, 6 қазан күні сағат 17:00 шамасында «Kia Cerato» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, алдында келе жатқан «Газель»-ге соғылған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Салдарынан 6 адам зардап шекті. Олар Қапшағай қаласындағы ауруханаға түсті. Зардап шеккен 27 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу басталды», - делінген ведомство хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram