Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев төтенше жағдайлар министріне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайтуды, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізуді, қар құрсауын болдырмауды тапсырды.
18:54 07.10.2021
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Министр 2020-2021 жылдары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Ал құтқарушылар 65 мыңнан астам шақыртуға барып, 9,5 мың адамды құтқарды. 10 мың адам эвакуацияланды. Бұдан бөлек, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
"Министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Ал елді мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарына қаржы бөлініп жатыр", - деді Ильин.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram