Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада күтуші әйел үй иелерін тонап кетті
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
09:01 08.10.2021
«Астанада күтуші әйел жұмыс берушілерді тонап кетті. Пәтерден ақша мен бағалы заттар ұрланғаны туралы хабарлады. Үйдегі қарт әженің күтіміне жауапты болған 39 жастағы әйелді үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, сөмкеден, «Шанель» маркалы бетке арналған қымбат жақпамай мен «Эйр подс» маркалы сымсыз құлаққап және ақша ұрлаған. Шығын сомасы 65 мың теңгені құрады», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция оны ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.
«Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді», - делінген ресми мәліметте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram