Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жасар оқушыға қол көтерген
Қарағанды орта мектептерінің бірінен жанжал шықты.
12:03 08.10.2021
Қарағандының танымал блогерлерінің бірі өзінің Instagram парақшасында шағымданып келген әйел туралы пост жариялады. Әйел он үш жасар ұлына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қол көтергенін хабарлаған. Оқиға Майқұдық ауданындағы 34-ші орта мектепте болған. Оқытушы баланың басынан бір-екі рет соғып жіберіп, бүкіл сыныптастарының көзінше кеудешесінің капюшонынан тартып сүйреп өткен.
«Кімнің кінәлі екенін білмеймін, мүмкін менің ұлым бұл оқиға кезінде жағдайды өзі ушықтырған шығар, бірақ мұғалім балаларды ұрмауы керек, баланың бабын таба білуі керек», - деп жазады оқушының анасы.
Қарағандының білім бөлімі болған оқиға туралы мынадай түсінік берді:
«Директор аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын және болған жағдай туралы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі баяндағанын түсіндірді. Мектептің спорт залында бейнебақылау камерасы бар, бейнежазба бұл жағдайды объективті түсінуге көмектеседі. Қызметтік тергеу қорытындысы туралы қосымша хабарлаймыз».
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram