Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жол үстіндегі спорт: павлодарлық жасөспірімдердің әрекеті видеоға түсіп қалды
Полиция жол үстіндегі мұндай "балалық әрекеттер" қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін ескертті.
14:31 08.10.2021
Ақсуда жасөспірімдер жаяу жүргіншіге арналған жол бөлігінде дене жаттығуын жасап, жол қозғалысы ережесін бұзды. Павлодар олысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне айыппұл салынды.
Әлеуметтік желіде @aksu.ermak паблигі жасөспірімдем жолда кетіп бара жатқан көлік алдында кеудені жерден көтеру, аяқ көтеріп аунау сынды жаттығулар орындаған видеоны жариялады. Құқық қорғаушылар тәртіп бұзғандарды анықтады. Олар 2004 және 2005 жылы туған қаладағы колледж студенті екені белгілі болды.
"Олардың заңды өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргінші ережелерінің талаптарын орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап 2 айлық есептік көрсеткіш (5 834 теңге) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", - делінген хабарламада.
Полиция жол үстіндегі мұндай "балалық әрекеттер" қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін ескертті.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram