Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаған елорда тұрғынын ұстады
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Шу-Қордай” автожолында Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты.
15:16 08.10.2021
Онда “Тея” атты қызметтік итімен автокөлікті тінту кезінде 37 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 16 келі 730 грамм “гашиш” есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдікті есіртік затын Нұр-Сұлтан қаласына және басқа қалаларға өткізу үшін тасымалдаған, деп жазады polisia.kz.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады). Күдікті кінәсін толық мойындап, Қордай ауданының УҰИ-на қамаққа алынды", – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram