{metadescription}
Қазақстандықтар ит пен мысықтың етін жегені үшін жазаланатын болады

Қазақстандықтар ит пен мысықтың етін жегені үшін жазаланатын болады

Қазақстанда мысықтар, иттер, атжалмандар және басқа да үй жануарларының етін жеуге заң жүзінде тыйым салынады.

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.

"Қазір бізде осы тізімнің жобасы әзірленіп жатыр. Оған үйде ұсталатын барлық дәстүрлі үй жануарлары кіретін болады. Бұлар иттер, мысықтар, тотықұстар, атжалмандар, ақ тышқандар және тағы басқалары. Бұл қазір үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі, классикалық тізімі", – деді Шалабекова брифингте.

Үй жануарларының етін жеу жануарларды қатыгездікпен өлтіруге теңестіріледі. Жаңа түзетулерге сәйкес мұндай қылмыс жасағандарға 200 АЕК көлемінде, яғни 583 400 теңгеге дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ 50 күн бас бостандығын шектеледі. Қазіргі таңда бұндай заңбұзушылықтарға 120 АЕК дейін айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған, деп жазады stan.kz.

БАҚ өкілдері енгізілген нормаларды бұзғандарды қалай қадағалайтындарын сұрады. Вице-министрдің айтуынша, бақылау жануарларды асырайтын орталықтар мен көршілеріне қалдырылады. 

"Егер азамат жануарларды асырау орындарынан ит-мысықтарды алатын болса, онда орталық бұл жануарларды қалай бағып жатқанын үнемі бақылай алады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған жануарларға келетін болсақ, менің ойымша, бұл жерде көршілеріне жауапкершілік артылады. Яғни иесі мен шығып жүрген иттің кенеттен жоғалып кеткенін байқаса және оған шара қолданылмаса көршілері хабар бере алады", – деп жауап берді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде