Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Күн жылынады: Синоптиктер алдағы күндері ауа-райының қандай болатынын айтты
Қазақстандағы алдағы күндері суық, қайтып күн жылынады.
Фото: Кирилл Зыков / АГН «Москва»
16:14 08.10.2021
Солтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі.
"Ауа-райының өзгеруі күшті антициклонмен байланысты. Ресейдің еуропалық бөлігін жапқан антициклон жауын-шашынның тоқтауына, еліміздің батыс және солтүстік-батыс бөлігінде ауа-райының жылынуына себепші болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Батыста және солтүстік-батыста күндізгі уақытта ауа температурасы +15..+20 градусқа дейін көтеріледі. Қалған аймақтарда салқын ауа температурасы сақталады. Оңтүстік аудандарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте түнгі уақытта тұман күтіледі.
Орталықта, шығыста және солтүстікте температура 0-7 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде 3-8 градус, таулы аймақтарда +3 градус болады. Күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін көтеріледі.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram