{metadescription}
Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі

Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі

Енді жұмысқа вакциналанған қызметкерлерді ғана кіргізеді.

Вакцина салдырмағандар әр апта сайын вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама көрсетуге тиіс. Қазақстанда жұмысқа коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды кіргізу ресми түрде бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының толықтырылған бұйрығы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйе сайтында жарияланды.

Өзгерістер денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілді.

49-тармақ 11 және 12 тармақшалармен толықтырылды:

11) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитар дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған жұмыскерлерге кеңсеге барып жұмыс істеуге рұқсат беру;

12) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған жұмыскерлерді міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып шыққан адамда медициналық анықтама болған жағдайда кеңседен жұмыс істеуге жіберу.

Бұйрық 2021 жылдың 17 қазанынан күшіне енеді. 

Еске сала кетейік, ПТР-тест пен вакциналау паспортын тексеруге қатысты бұйрық әзірленгенін хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде