Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көлік қақ бөлінген: Алматы түбіндегі жол апаты адам өмірін қиды
Жол апаты салдарынан жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
11:08 09.10.2021
Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алматы облысында рөлге ие бола алмай қалған жас жігіт жол апатынан көз жұмды. 8 қазанда сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жол апатын жасады. Жас жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен, содан кейін Audi C-4 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апатының салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған.
"Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция.
Mercedes қатты соққыдан қақ бөлінген, қалған екі көлік жапырылып кетіпті. Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігі (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram