{metadescription}
Қарағандыда роупджампинг аттракционынан секірген қыз мерт болды
Әйел "Созвездие" қонақүйінің төбесінде орналасқан аттракционнан секірген.
10:27 11.10.2021
Оның биіктігі 30 метр. Қарағандыда роупджампинг аттракционынан секірген әйел көз жұмды. Басылымның мәліметінше, 33 жастағы қарағандылық "Созвездие" қонақүйінің шатырынан секірген. Оның биіктігі 30 метр. Қонақүй төбесінде экстремалды аттракцион орналасқан.
Әйел көптеген жарақатпен көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Алайда шұғыл түрде ота жасалғанына қарамастан, жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!