{metadescription}
Елорда полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Елорда полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

11 қазан елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге үндеу жасады. Бір тәулікте елордада 70-ке жуық жол апаты тіркелген, қала полициясы жүргізушілерге жол ережесін сақтауға кеңес берді. Елордалық полиция департаментінің ақпаратынша, бір тәулікте қалада 68 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды.

Жол сақшылары бүгін, 11 қазан ауа райы нашарлайтынын, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын ескертті.

"Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, жолда мұқият болуға және жылдамдық режимін, қауіпсіз ара қашықтықты сақтауға кеңес береді"- делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол сақшылары жаяу жүргіншілерді де барынша абай болуға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде