Қазақстан коронавирусты жұқтырудың төрт толқынынан өтті - Алексей Цой
Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өтті.
12:24 11.10.2021
Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Қазақстан індет жұқтырудың төрт толқынынан өтті. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуына қатысты», - деді А. Цой.
Оның айтуынша, соңғы рет індет жұқтыру деңгейі артқанда кезеңде тәулігіне 7 800 жағдай тіркелген.
«КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстарды уақытылы жүргізуге байланысты індеттің таралуы қарқынын тежеуге әрі елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға ықпал етті», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой қазіргі кезде Қазақстан коронавирустан «сары» амақта тұрғанын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!