Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан коронавирустан «сары» аймақта тұр
Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індеті бойынша қай өңірлер «қызыл» аймақта екенін айтты.
12:41 11.10.2021
«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалауды болжам мен матрица негізінде жүргізеді. Осы орайда шектеу іс-шаралар күшейту мен жеңілдету бойынша шешім қабылданады», - деді А. Цой.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның өзі және еліміздің 6 өңірі (Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан) «сары» аймақта тұр.
«Жасыл» аймақта да 6 өңір (Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары) қамтылған.
Ал «қызыл» аймақта 5 өңір (Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары) орналасқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram