{metadescription}
Тоқаев халықаралық конференцияға қатысады

Тоқаев халықаралық конференцияға қатысады

Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері бас қосады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Париж келісімінің мақсатына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары" халықаралық конференциясына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Конференция 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

"Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жолдарын, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің басым бағыттарын және көміртегі бейтараптығына көшу үшін қомақты қаражат жұмылдырудың маңыздылығын талқылау", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде