Қызылордада мектеп аумағында жарылыс болды
Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы орта мектеп аумағында орналасқан қазандық жарылды.
14:41 11.10.2021
Жапа шеккендер жоқ.
"Бүгін таңертең 8:15-те Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментіне Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектебінің аумағындағы (мектептен 50 метр қашықтықтықта) жылыту қазандығының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазандық ғимаратының қабырғалары бұзылған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Саид Молдакараев.
Мектеп жұмысы тоқтатылмады. Ауа температурасы +9 градус болған. Қазандық ғимаратының үйінділерін мектептің 15 қызметкері мен 2 арнайы техника жинастырып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері мен бір техника жіберілген.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!