{metadescription}
Елордада ер адам касса қызметкерін қылқындырмақ болған

Елордада ер адам касса қызметкерін қылқындырмақ болған

Нұр-Сұлтанда микроқаржылық ұйымды тонамақ болған ер адам ұсталды.

Кеңсеге қонақ ретінде келген ол ақша талап етіп, қызметкерді қылқындыруға тырысқан. Медициналық маска киген 34 жастағы ер адам микроқаржылық ұйым кеңсесіне клиент ретінде келген. Кабинетте касса қызметкері ғана бар екенін көрген ер адам ақша талап етіп, қызметкерді қылқындыруға тырысқан. Алайда қыз дабыл түймесін басқан соң ер адам қашып кеткен. 

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қызметкерлер күдіктінің қашқан жолын анықтады. Қылмыс жасаған соң ер адам аялдамаға барып, автобусқа отырғаны белгілі болды. Қоғамдық көлікте ол "QR-коды" арқылы төлем жасаған. Осыдан кейін күдіктінің аты-жөні анықталған", - деді полиция қызметкерлері.

Күдікті бет-әлпетін медициналық маскамен жасырғанымен, полицейлер оның тұрғылықты мекен-жайын анықтап, тұтқындаған. 
Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде