Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Татарстанда 16 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұту күні жарияланды.
15:51 11.10.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram