{metadescription}
0:000:00

Алматылықтар аялдамада автобусты сағаттап күткендеріне шағымданды

Алматылықтар таңғы қарбалас кезінде аялдамада автобусты сағаттап күткендеріне шағымданды.

Аялдамада автобус күткен жолаушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қала әкімдігі бейнежазбада Райымбек-Әшімов көшесіндегі «№ 7-ші қалалық аурухана» аялдамасы екенін мәлім етті.

«Әлеуметтік желіде тараған «№ 7-ші қалалық аурухана» аялдамасы. Бұл жермен күніне 263 бірлік қоғамдық көлік жүреді. Атап айтқанда, № 18, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Бағыт кестесінің бұзылуы жолдағы кептеліспен байланысты болады. Сонымен қатар,көшелердегі жөндеу жұмыстарыда кедергі келтірді. Орталық диспетчерлік қызмет әр бағыттың қозғалысын бақылайды, ауытқулар болған жағдайда олар тасымалдаушыға шара қолдану туралы айтады», - деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, қалада 2 мыңға жуық автобус бар. 

«Бүгінде автобус парктерінде жанармай тапшылығы жоқ» ,-деп нақтылады әкімдіктен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде