Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Қарағанды облысының Абай-Шахтинск тас жолында жол апаты орын алды.
10:25 12.10.2021
Апат салдарынан екі 18 жастағы жігіт және 52 жастағы әйел көз жұмды. 11 қазан сағат 14.00 шамасында Абай-Шахтинск автожолында «Лада Приора» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Нива-21213» автокөлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіт рөлге ие бола алмай қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан апат орнында «Лада Приора» автокөлігінің 18 жастағы жолаушысы мен «Нива-21213» автокөлігінің 52 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жас жолаушы ауруханада көз жұмды.
«Медициналық мекемеге «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушілері мен екі жолаушысы жеткізілді. «Лада Приора» автокөлігінің 18 жастағы жолаушысы есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары