Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Су тасқыны салдарынан 15 адам қаза тапты
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалды.
11:04 12.10.2021
Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифинг кезінде Шаньси провинциясының билігі мәлімдеді. Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында 2-7 қазан аралығында жауған нөсер жауын салдарынан ауқымды су тасқыны жүріп, 120 мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялауға тура келген. 1,7 млн астам адам жоғары қауіп аймағында қалған.
Алдын ала есеп бойынша, 19,5 мың құрылыс қиралып, 18,2 мыңнан астам тұрғын үй бүлінген. Тікелей экономикалық шығын 5 млрд астам юаньді құраған. Шаньси провинциясында нормадан тыс жауған жаңбыр салдарынан 37 өзеннің суы тасып, автомобиль және теміржол қатынасы тоқтап қалған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram