Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандылық әйелдің өлімі: аттракцион инструкторы қамауға алынды
Отыз екі жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір тергеу жүріп жатыр.
12:03 12.10.2021
Қарағандыда «тарзанка» типті аттракционда болған жазатайым оқиғадан кейін 32 жастағы инструктор қамауға алынды.
«Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Полиция қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, 10 қазанда Қарағандыда «тарзанка» типті аттракционда жазатайым оқиға болды. 33 жастағы әйел 9 қабатты ғимараттың төбесінен секіру кезінде ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео жарияланды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дұрыс бекітілмеген арқан себеп болған. Марқұмның артында үш баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram