Тоқаев Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды
Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.
12:32 12.10.2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды. 12 қазанда астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.
"Мүше мемлекеттер ғұламалар кеңесін құруды қолдады және үміткерлерді ұсына бастады. Бүгін біз ғұламалар кеңесі туралы ереже бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынды, сіздер бұл кандидатураны бекітесіздер деп үміттенемін", - деді Рахметуллин кездесуге қатысушыларға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!