{metadescription}
Алматыда жолдан өтпек болған 33 жастағы ер адам көз жұмды

Алматыда жолдан өтпек болған 33 жастағы ер адам көз жұмды

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 12 қазан күні таңғы сағат 04:10-да болды.

«Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі Ташкент тасжолымен батыс бағытта келе жатып, 16-К ғимаратына қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Белгілі болғандай, 33 жастағы ер адам тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болған. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.