Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда мас жолаушы таксистті ұрып, қашып кеткен
Қостанайда ішімдікке мас жолаушы жүргізушіні ұрып-соғып, артынша ізін суытқан.
17:02 12.10.2021
Жергілікті полицияның хабарлауынша, екі ер адамның арасында жанжал шыққан.
“Аталған факт Қостанай қаласында түнгі уақытта болған. Toyota Avensis автокөлігінің салонында такси жүргізушісі мен 31 жастағы ауыл тұрғыны арасында жанжал шығып, ер адам жүргізушіге дене жарақаттарын келтіріп, белгісіз бағытта қашып кеткен. 47 жастағы жапа шегуші бұл туралы полицияға хабарлаған”, - дейді Қостанай облысы полиция департаменті.
Кіші инспектор-кинолог Руслан Қайралаповтың айтуынша, күдіктіні қан ізі және ит арқылы тапқан.
"Ит қоршау бойымен жүріп, 30-40 метр өткеннен кейін ол қараңғыда адамның көлеңкесін көріп, үре бастады. Күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысып, Баймағамбетов көшесіне қарай жүгіріп өтіп, сол жерде ұсталды. Бұл туралы кезекші бөлімге баяндап, жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері келді", – деді ол.
Оқиға орнында 300 м радиуста ұсталған адамның құжаттары бар әмиян табылды. Жәбірленушінің өзі қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі “Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша күдіктінің алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram