Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады
АҚШ билігі 8 қарашадан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакциналанған барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді.
14:49 16.10.2021
АҚШ билігі коронавирусқа қарсы екпені салдыртқан барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді. Жаңа ереже 8 қарашадан бастап күшіне енеді. Осылайша, Вашингтон тарихта Covid-19 эпидемиясы басталғанда енгізілген ең көлемді шектеулерді алып тастайды.
2020 жылдың қаңтарында Қытайдан Америкаға өтпек болған келушілер үшін шекара жабылып, кейін әлемнің басқа елдері де осындай тыйым салған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!