{metadescription}
Макгрегор танымал диджейді ұрып тастады

Макгрегор танымал диджейді ұрып тастады

Танымал италиялық диджей Франческо Факинетти UFC файтері Конор Макгрегордың оған шабуыл жасап, мұрнын сындырғанын айтты.

“Сол түні Макгрегор маған шабуыл жасады. Ол ондаған куәгерлердің, оның достары мен күзетшілерінің көзінше мені жұдырықпен ұрып, мұрнымды сындырды. Конор себепсіз шабуылдады, себебі бұған дейін біз екі сағат сөйлесіп, көңіл көтердік. Мен үндемей қоя аламын, бірақ мен бұл туралы айтуды жөн деп шештім”, – деді Факинетти.

Сонымен қатар диджей Макгрегорды қауіпті және қатал адам деп атады.

“Мен себепсіз соққы алдым. Бұл соққы кез келген адамға, соның ішінде менің әйелім мен достарыма тиіп кетуі мүмкін еді. Сондықтан мен Макгрегорды сотқа беремін”, – деді Фасинетти.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде