Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада бір ай бұрын жоғалған 17 жастағы қыз табылды
Кәмелетке толмаған қыз туыстарымен жиі жанжалдасып қалатын көрінеді.
09:39 22.10.2021
Бұған дейін 11 рет үйінен қашқан. Нұр-Сұлтанда полиция із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді тапты, деп хабарлайды елорда полициясының баспасөз қызметі. Кәмелетке толмаған қыз 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Оны іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы тартылды, сондай-ақ іздеу ісі қозғалды, деп жазады sputnik.
"Іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған қыз баруы мүмкін жердің бәрін тексеріп шықты. Оны соңғы рет көрген адамдардан жауап алынды. Қабылданған шаралар арқасында 17 жастағы қыз Нұр-Сұлтандағы "времянкадан" табылды. Ол бөлме жалдап тұрған. Қыз туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалыпты. Қазір кәмелетке толмаған қыз үйде отбасымен бірге", - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертті. Әдетте, отбасылық ұрыс-керіс балаларды үйден қашуға итермелейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram