{metadescription}
Министрліктер мен әкімдіктердің сайты істен шықты

Министрліктер мен әкімдіктердің сайты істен шықты

Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты уақытша жұмыс істемей тұр.

Бұл деректі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы да растады. Министрліктер мен әкімдіктердің gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайттарына кіру мүмкін емес. Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға ақ экран бетінде "тілдерді жүктеу" деген жазу шығады. Бұл ақау 22 қазан таңертең пайда болды.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы жобасының дұрыс жұмыс істемеуін жою жұмысы жүргізіліп жатыр. Ақауды жою үшін жұмыс істеудеміз. Уақытша қолайсыздық келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2020 жылдың 24 маусымында 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) көшкен болатын. Осылайша, МО ИРБП мемлекеттік органдардың барлық сайттарын біріктіріп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде