Қазақстандық теннисші елордадағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында елордада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour M25 сериясы бойынша халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
09:31 24.10.2021
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жукаев ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге үздік шықты. Б.Жукаев пен А.Кузнецов финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич – ресейлік Констан Кравчукты 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Бұл – Б.Жукаевтың ересектер арасында ITF деңгейіндегі алғашқы табысы. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында финалға шыға алмады. Ол жартылай финалдық тартысты бәсекеде канадалық Филип Пеливоға жол берді – 6:7 (8.10), 7:5, 3:6.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!