Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбенің теміржол вокзалында Ashyq үшін жанжал болды
Полиция бұзақыны ұстады.
09:16 29.10.2021
Ал Қазақстан теміржолы компаниясы залалдың мөлшерін 39 мың теңгеге бағалады. Ақтөбенің теміржол вокзалында жанжал шығарған ер адам бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Тергеу материалдарына сәйкес, Ақтау қаласының тұрғыны теміржол вокзалына Ashyq-тан өтпей, кіріп кеткісі келген. Алайда күзетші және кезекші оны тоқтатып, барлығына ортақ ережені орындауды талап етті. Содан екі жақ сөзге келіп, арты жанжалға ұласты. Сол кезде вокзалға кіре алмаған жолаушы жерден тратуар төсейтін тастың бір бөлігін алып, ғимараттың терезесіне лақтырған.
Полиция бұзақыны ұстады. Ал Қазақстан теміржолы компаниясы залалдың мөлшерін 39 мың теңгеге бағалады. Сотта бұзақы өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сот оның өтінішін ескеріп, бір жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram