Шымкентте бес адамнан сібір жарасы анықталды
Аталған жағдай Абай ауданы аумағында тіркелді.
09:37 17.11.2021
Ауру малдың етін Түркістан облысының Сайрам ауданындағы кәсіпкер Жиделі шағын ауданының 15 тұрғынына сатқан. Оның төртеуінен індет белгілері анықталды. Етті тұтынған өзге азаматтарға қажетті медициналық-профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Шымкентте биыл сібір жарасын жұқтырғандар саны екі есе өскен, деп жазады stan.kz.
"Ол ошақта барлық індетке қарсы іс-шаралардың барлығы жүргізілді. Ошақ жабылды. Бізде қарым-қатынастағы барлығы 14 күн медициналық бақылауда болды. Олар антибиотик пен профилактикалық ем қабылдап, олардың арасында қайталанған жағдайлар кездескен жоқ", – дейді Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары